(KAZ) «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері»
Жиналыс барысында шақырылған сала мамандары сөз алып, студенттерге өз кеңестерін айтып, пікір алмасып, ой бөлісті.
Шымкент қ. «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ басшысы, дінтанушы,
теолог Оспанов Дәлелхан сөз сөйледі:
Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше»,«шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс – әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі – өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім – нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал – айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол – шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм.
Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»
Студенттер өз ойларымен бөлісті:
– Діни секталардың таралуы;
– Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
– 18 – 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
– Террористік іс – әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті – мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.