«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында балалардың эпостық жырларға құштарлығын арттыру мақсатында «Бабалар үні» тақырыбында танымдық акциясы өтуде.
Қызылорда медициналық жоғары колледжі 2024 жылдың 1 наурыз күні колледж кітапханашыларының және М-128топ кураторы Әбдіқаниев Нұрлыбектің ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Бес ғасыр жырлайды» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында Нұртуған жырау, Дүр Оңғар жырау, Бұқар жыраулардың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып жырларынан үзінді оқылды. Жыраулар эпикалық жырды жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі өкілдері. Бұл пікірді Ә. Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып: Ертегі, ұсақ
салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың
үлесінде болған- дейді. Бұл- әдебиетіміздің дамуындағы өзге де қайталанбас басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.