(KAZ) “РИГА” ТӘЖІРИБЕСІ- КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ
8-10 сәуір күндері колледжімізде “Страдыня” Рига университетінің халықаралық эксперті, “Акушерка” кәсіби бакалавр бағдарламасының директоры, акушерка Илзе Ансуле ханым іскерлік сапармен келді. Шетелдік қонақ акушерия саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Оған тек білім алушылар мен оқытушылар ғана емес, аймақтағы «Ана мен бала» орталығы мамандары да қатысты. Бұл кездесудің мамандардың кәсіби шыңдалуына, акушерия саласындағы жаңалықтарды игеруде маңызы зор болды.
Семинар- тренингке қатысқан барлық мамандарға халықаралық дәрежедегі сертификат табысталды.
Алдағы уақытта да мұндай халықаралық тәжірибе алмасулар жалғасын таппақ