(KAZ) МЕЙІРГЕР-МЕРЕЙЛІ МАМАН

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Соңғы 20 жыл ішінде қоғамдағы өзгерістерге және денсаулық сақтаудағы жетістіктерге байланысты медициналық орта буын қызметкерлерінің рөлі едәуір өсті, демек, кәсіптік мейіргерлік іске қойылатын талаптарда өсті. Қазіргі мейігерлік іс- әлеуметтік сұраныстарға толық жауап беру үшін оқу орындарында жаңа типті медициналық мейіргер тәрбиелеуді талап етеді. Осы мақсатта бүгін 02.04.2024 жылы «Арнайы мейіргер ісі негіздері» бірлестігі ұйымдастырып отырған «Мейіргер мерейлі маман» апталығы аясында оқытушылар Прманова Шакизада Шындалықызы және Байтукаева Гулмайра Рысмағанбетқызы ұйымдастыруымен «Иньекция егу техникасы» тақырыбындағы шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағында дәрілерді парентеральді тәсілмен енгізу, енгізуден кейін болатын асқынулар тақырыбына презентация көрсетіліп, талқылама жасалды.Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға егу және дәріні тамшылатып құю техникасы іс-машықтары көрсетілді.

Қатысушылар тарапынан қызығушылық танытып, оқытушылар егу іс-машығын муляждарда жасап тәжірибе алмасты.

You may also like...