(KAZ) ҚАУІПТІ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНЕН ҚОРҒАНУ. МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ.
Бүгін колледжімізде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы, РАТТ мүшесі Долиев Жапал Әмзебекұлы колледжімізге келіп студенттермен кездесті. Кездесудің мақсаты: жастарға қауіпті интернет көздерінен қалай сақтану керектігі және медиа сауаттылық бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жапал Әмзебекұлы қазіргі кездегі ақпараттық заманның тасыған уақытында, білгің келген нәрсенің жауабын ғаламтор беттерінен тез, әрі оңай табуға болатындығын, сонымен қатар түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын да беретін ақпараттардың көптігін тілге тиек етті. Соның бірі, діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері қоғамдағы өзекті мәселе болып отыр. Бұл жерде ғаламторды мүлдем пайдалануға болмайды деген сөз емес, тек қана миллиондаған қайнар көздер арасынан дұрыс таңдау жасап, шалыс басудан сақтану.
Ғаламтор беттерінде діни ақпарат іздеген адамға мыңдаған мәлімет көзінің шығатыны белгілі. Осы ақпараттардың қайсысы дұрыс және бұрыс екенін көп адамдар аңғара бермейді. Соның салдарынан кей адамдардың санасында күмәнді ақпараттар қалыптасып та жатады. Өйткені, деструктивті теріс бағыттағы діни ұйымдар ғаламтор арқылы өз идеолологияларын таратып, жақтастарының санын арттыруды қалайды. Бүгінгі қозғалған өзекті тақырып бойынша жастарымыз санаға ой түйді деп ойлаймыз. Жарқын болашақ- жастардың қолында!