(KAZ) АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Облыс әкімінің «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында қала әкімінің тапсырмасымен 20 қараша күні облыстық «Есірткісіз болашақ» ақпараттық топ мүшелері колледжі студенттерімен кездесті. Кездесуге облыстық «Аманат» партиясының, құқық қорғау органдары мен қоғамдық емес ұйым өкілдерінен құралған топ студенттерге зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға, есірткісіз қоғамның болашағы жарқын болатынын, еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында екендігін алға тартып, тәрбиелі де, парасатты қоғамды құру бүгіннен басталатындығын түсіндірді. Облыстағы нашақорлықпен күрес жұмыстары, басқа да зиянды әдеттердің жастар арасында белең алуына әсер ететін жағдайларды баяндап, білім алушыларға өз өмірін мәнді де, мағыналы сүруге шақырды.