(KAZ) АШЫҚ САБАҚ ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРМЕН ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 132 топ, 2 топша студенттеріне “Тері, иіс сезу мүшелерінің анатомиясы және физиология тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақта білім алушылар «Сәйкестендіру» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру, «Сезім мүшелері» плакаттарын қолданып, көрсетті. «Көз құрылысын» сурет бойынша нүктелерді басып, анықтамасын сәйкестендіру, «Құлақ құрылысын» сурет бойынша нүктелерді басып, анықтамасын сәйкестендіру және анықтамаларды оқып, латын тіліндегі термин сөздерді анықтап, сөзжұмбақты шешті.
Жаңа тақырыпты түрлі жаңа технологияларды қолдану арқылы, жаңашыл әдістермен түсіндірді. Берген білімді бекіту үшін шапалақ әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді.
Сабақты қорытындылау кезінде оқытушы оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап берді, қателіктерді талқылады. Талдау барысында колледждің әдіскері Байғабылова Л.Т. сөз алып, сабақ жоспар бойынша өткенін, сабақ барысында техникалық құралдар кеңінен қолданғанын, сабақ мақсатына жеткенін, әдістемелік талдама дұрыс талданғанын, таңдалған әдістің тақырыпты толық игеруге мүмкіншілік беретіндігін айтты.
Әдіскер – Сейілханова А.А. және Пән оқытушылары Сулейменова Г.А. және Әкімжан А.Ж. сөз алып, сабақ мақсатына жеткенін, көрнекі және техникалық құралдар кеңінен қолданғанын, дәріс беру барысында «Жүрек қантамырлар жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы» тақырыбында, оқушылар сабаққа белсенді қатысқанын айтты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша толық талқылай отырып комиссия мүшелері “сабақ жақсы өтті, оқыту, тәрбиелік, әдістемелік мақсатына жетті” деп шешім қабылдады.




