(KAZ) ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК
«Қызылорда жоғары медициналық колледжінің» ШЖҚ КМК директоры Калмакова Жанар Аманкелдіқызы “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ-ның ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызымен кездесіп, ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Ресми шараға Германиядан келген эксперт, фармацевт Конинг Тобиас және колледж оқытушысы, фармацевт Мақсат Жетпіс қатысты.
Ынтымақтастық мақсаты — ғылым, білім беру, инновациялық және технологиялық әлеуетін біріктіру негізінде денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен және де студенттерменде оқу үдерісінің немесе ғылыми-зерттеу қызметінің бөлігі ретінде әр түрлі деңгейде бірлескен ғылыми жобаларды жүргізіледі.
Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және студенттердің ғылыми тағылымдамалардан өтуін ұйымдастырып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда, білім беру бағдарламаларын іске асыруда мамандар мен оқытушыларды екі жақты тәжірбие алмасуын жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және медициналық білімі бар оқытушылардың мамандығы бойынша білім жетілдіруін ұйымдастырмақ. Екі жақты келісім бойынша екі жақтың базасында студенттерді өндірістік және ғылыми тағылымдардан өту кезінде қолдау көрсету, колледждің бітіруші студенттерге және талапкерлерге кәсіптік білім беру нұсқаларын таңдау саласында ынтымақтастық көмек көрсетілмек.
Колледждің бітіруші студенттері үшін жеделдетілген білім бағдарламасымен университеттеоқу жалғастыруға ынтымақтастық көмек көрсетеді. Бірлескен ғылыми және оқу еңбектерін құру және бірлескен жұмыстарды орындау нәтижелері жариялау және жинақтар алмасады. Тараптар өкілдерін дәріс оқуға, тәжірибе алмасуға және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша ақпарат алмасуға шақырады. Ынтымақтастық процесінде екі жақ тарапынан басқада бірлескен іс-шараларға келісті.




