(KAZ) ОҚУЫТУШЫЛАР ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде орналасқан 36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде биыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануына орай, “Мамандық әлемі” атты форум өтті.
Түлектермен өткен басқосуға білімордамыздан арнайы пән оқытушысы Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы, жалпы білім беру пән оқытушысы
Сейтжанова Маржан Алыпқызы қатысты. Мамандар колледжімізде оқытылатын мамандықтарға тоқталып, кәсіби бағдар берді. Іс-шара соңында түлектер сұрақтарына жауап алды.


