(KAZ) «Атаулы күндер айлығы» кітапханашы сағаты
Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Атаулы күндер айлығы» тақырыбында кітапханашы сағаты өткізілді. Студенттерге білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында көркем әдебиеттер ұсынылды.
«Әдебиеттің алтын тұяғы» М.Мағауиннің 85 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды, «Күрделі өмірдің көркем көрінісі» Кәрібай Ахметбеков туралы бір үзік сыр. Кәрібай Ахметбековтың «Жанаргүл» повестьі, «Жеңіс сарбазы» шығармалары талданды. Ескендір Хасанғалиевтің рухты оятқан «Атамекен» әнінің шығу тарихы туралы ақпарат берілді. «Атамекен» әні хормен айтылды.
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановқа «Ауыздықталмаған тарихшы» тарихи-деректі сағаттар өткізілді. Тарихшы Нүрпейсова Эльмира Ермұхан Бекмаханұлы “Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы, уақыт бедеріне бағынбаған шыншыл ғалым” деп баға берді.