(KAZ) ”ҮЗДІК ФАРМАЦЕВТ — 2025!”
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде өткен “Үздік фармацевт — 2025” байқауына 5 студент қатысты.
Қазылар-алқасының шешімімен фармацевт біліктілігін үздік меңгерген Ф-89 оқу тобының студенті Мадина Бейбіт жүлделі бірінші орынды иеленді.
Жетекшісі арнайы пән оқытушысы Купеева Гулсара Амангелдіқызы. Көп ішінен топ жарған Мадина 12 наурыз күні Астанада “Даналық” медициналық жоғары колледжінде онлайн өтетін республикалық байқауға қатысады.
Мадинаны жеңісімен құттықтап, республикалық сайыста да жеңімпаз атануына тілектеспіз!












