(KAZ) «ДЕНЕ ӘЛЕМІН ТАНЫП БІЛ» АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТТІ
«Жалпы кәсіптік пәндер-2» бірлестігі «Анатомия, физиология және патология» пәндерінің «Дене әлемін танып біл» атты апталық өтті.
Апталық аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Бір сұрақ – бір қалам» шарасын «Жалпы кәсіптік пәндер-2» бірлестігі өткізді. Мақсаты – Анатомия, патология және физиология пәндері бойынша білімді тереңдету және студенттердің ғылыми тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Студенттер мен оқушылар арасында пәнге деген қызығушылықты арттырып, білім жарысын ұйымдастыру.
«Анатомия, физиология, патология» пәнінен барлық мамандықтар арасында өткізілген “карикатура” сайысына І-ІІ курс білім алушылары қатысты. «Анатомия,физиология, жалпы патология» пәнінің барлық тарауларына байланысты жүргізілді. Сайыстың жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.
«Жалпы патология» пәнінен барлық мамандықтар арасында «Үздік презентация» сайысы өтті. Презентация жасауды жетік меңгерген жастар жеңімпаз атанды. Нәтижесінде
Кендебай Динара -1 орын, Теңізбайқызы Сезім -1 орын, Әбіш Диана 2-орын, Төрехан Ақнұр 3-орын жюиеленді. Барлық қатысушылар диплом, алғыс хатпен марапатталды.
«Патология әлемі» атты топтық сайысқа I-II курс студенттер қатысты. Олар «Таныстыру», «Дарабоз», «IQ-дода», «Алтын қақпа», «Құпия сандық» кезеңдерінде сынға түсті.
Жеңімпаздар: 1-ші орынды Е-132 топ студенттері Ибрагим А., Жарылкасын Д. иеленді. Жетекшісі: Асайынова Ү.Т. 2–ші орынды: Е-64 топ, Аймырза Е., және Ералиев Н. иеленді. Жетекшісі Орынбасар Б.К. 3-ші орын М-21 топ студенттері Дариялова Қ және Дариялова А жетекшісі: Акбаева А.Т. және М-127 топ студентері Мейрамбек Қ және Жасақбай Г. Жетекшісі Сулейменова Г.А. жеңіп алды.
I-II курс білім алушылары арасында өткізілген «Анатомия білгірлері» атты топтық сайыста
«Таныстыру», «Жасырын дене мүшесі» және «Көз қорқақ, қол батыр» – капитандар сайысы, «Домино», «Полиглот» кезеңдерінде білімдерін шыңдады. Сайыс нәтижесінде Е126 – 1 орын, Д24 – 2 орын, Е125 – 3 орын, Е132 – 3 орын иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.