(KAZ) «ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМДІ» МЕҢГЕРДІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім” модулі бойынша «Қолданбалы бакалавр» 49 топқа «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Жумагулова Салтанат Бакытқызы ашық сабақ өтті. Онда үйдегі күтім кезіндегі ең жиі кездесетін аурулар мен жағдайлар, ойылу және ойылудың алдын алу,емдеу тақырыбы кеңінен түсіндірілді.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері — науқастарды күтуді ұйымдастыру, ойық жараның алдын алу, ойық жараны үй жағдайында емдеудің іс-машықтарын меңгерту, дағдыларды қалыптастыру. Білім алушыда қалыптасатын тұлғалық қасиеттер: тәртіптілік, жауапкершілік, мейірімділік, нақтылық, пациенттерге назар аударуы, өз ойын тұжырымдап айта білу, және өзгелердің ой пікірін тыңдай білуді үйрету.
Олардың өз бетінше шешім қабылдау және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақта: Глоссарий, Комикс кітапша, ситуациялық есеп, Ноутбук тапсырмасы, тест, кері байланысқа арналған парақ қолданылды. Білім алушылар жаңашыл тәсілдермен үй тапсырмаларын орындап, тақырыпты жақсы меңгергендерін аңғартты.



