(KAZ) АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
Анатомия, физиология, патология пәнінің оқытушысы Әкімжан Ақниет Жанболатқызы «Жалпы патология» пәнінен теориялық “Тыныс алу жүйесінің мүшелерінің патологиясы.
Зәр шығару жүйесінің патологиясы” тақырыбында Е-17 тобының білім алушыларына ашық сабақ өтті. Жаңашыл оқытушы үй тапсырмасын “Nearpod” платформасы бойынша тест сұрақтары арқылы бағалады. Оқытушы жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндірді.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында жұптық тапсырма кесте толтыру, “LearninApss” платформасы арқылы сәйкестендіру, фронтальды сұрақтар қою арқылы тақырыпты бекітті. Топ сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды жақсы орындады. Білім алушылардан кері байланыс, бағалау жүргізіліп, үй тапсырмасы берілді.