(KAZ) ЦИФЛЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ
Озат тәжірибе мектебінің мүшесі, тарих пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Эльмира Нүрпейісова “Тарих пәнін оқытуда цифрлық технологиялардың тиімділігі” тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныбында цифрлық технологиялардың ерекшелігін, сабаққа қолдану тиімділіктерін, сондай-ақ жасанды интеллектінің (ЖИ) артықшылықтары мен кемшіліктері теориялық тұрғыдан атап айтылды. Зерттелінген оқу платформаларын сабақтың қай кезеңіне қолдануға болатындығы ұсынылды. Сонан соң тыңдаушылармен осы платформалардағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындалды. Виртуалды шындықVR және кеңейтілген шындық AR, 3 D кубпен жұмыс орындалу қорытындысында тыңдаушылар өз сабақтарына қолданып, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, білім сапасы жақсарады, тақырып меңгеріліп, функционалдық сауаттылықтары артып, платформалардың тиімділігін іске асырады.


