(KAZ) STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Озат тәжірибе мектебінің мүшесі химия пәнінің оқытушысы, педагог -зерттеуші Биболатова Салтанат “Химия пәнін оқытуда STEM технологиясының мүмкіндіктері” тақырыбында екі кезеңнен тұратыр шеберлік сыныбын өткізді.
Бірінші кезеңде оқытушы STEM технологиясының ерекшеліктеріне, артықшылықтары мен кемшіліктеріне теориялық тұрғыдан тоқталып өтті,яғни әрбір тақырыпқа технологияны қолдану мүмкіндіктерін атап өтті.
Екінші кезеңде STEM технологиясының қолданылуына тыңдаушылармен топтық жұмыс ұйымдастырды. Топтық жұмыста тыңдаушылар белсенділік танытты. Алдағы уақытта оқытушылар STEM технологиясын өз сабақтарына қолданып, білім алушылардың пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырады, оларда функционалдық сауаттылық қалыптастырады.

