(KAZ) «ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
10 сәуір мен 6 мамыр аралығында
Республика көлемінде «Жасөспірім» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Осыған байланысты бүгін сағат 12.00-де колледжі студенттерімен Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция капитаны А.Досмағанбетов кездесті.
Шараның мақсаты: жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын түсіндіру. Құқыққорғау қызметкері жасөспірім кезеңнің алып-ұшып, ойланбай шешім қабылдайтын, тұрақсыз мінез құлық кезеңі, алайда қылмыстар орын алып жатса жасөспірім жазасыз қалады деген сөз емес деді. Жаза – қылмыс істеген адамға соттың шешімімен мемлекеттік нақты шара қолдану, оны орындауға мəжбүрлеу. Жаза қылмыстық жауапкершілікке тартудағы ең басты нысаны болса, келесі бір қылмыстық жауапкершілікке тарту нысаны кəмелетке толмағандарға қатысты тəртіптік сипаттағы еріксіз шаралар болып табылады.
Шара барысында колледж оқытушылары мен полиция басқармасының өкілі кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін интернет-ресурстардан, қылмыстық топтардан аулақ жүру үшін ең алдымен оқу мен іздену арқылы құқықтық мәдениеті мен санасын арттыру керектігін айтты.
