(KAZ) ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жерлестер! Сала ардагерлері!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!
Майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға қашанда құрметіміз ерекше. Бабалар ерлігі мен қайсарлығын мәңгі есте сақтаймыз.
Жас ұрпаққа ерен еңбектің үлгісі болған сіздерге мың тағзым. Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу – біздің басты міндетіміз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!
Ізгі ниетпен: Жанар ҚАЛМАҚОВА