(KAZ) ТӘРТІП САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ
Колледж жатақханасындағы ержігіттермен Қызылорда қалалық Полиция Басқармасының ЖПҚб ЮПБ УПИ -ры полиция капитаны Күзембаева Гаухар Ерболатқызы кездесу өткізді.
Мақсаты — жастар арасындағы қорқыту, бопсалау, әлімжеттікті болдырмау, құқықбұзушылықтардың алдын-алу.
Гаухар Ерболатқызы қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін нақты мысалдар келтіріп, тәртіп сақтау керегін ескертті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова да білімалушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тәртіп сақтауға шақырды.

