(KAZ) ОҢАЙ АҚША ЕШКІМДІ ОҢДЫРМАЙДЫ!
Бүгін банк және құқыққорғау қызметкерлерімен білім алушылардың кездесуі болды. Оған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облысы филиалы бөлшек бизнес орталығының басшысы Жанбаев Ғ.Ө., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Ерубаева Э.М., Қызылорда облысы Полиция Департаментінің қызметкері Ермаханов Н.Т. қатысып, қазіргі таңда интернет алаяқтардың көбейгенін және олардың басты мақсаты – ОҢАЙ АҚША табу екенін айтты.
Мамандар түрлі мысалдар келтірді:
— саған банк қызметкері болып звондауы мүмкін, ол кезде код айтып жібер деп Сенің есеп шотыңа кіре алады, сөйтіп сенің атыңнан кредит алады немесе картаңдағы ақшаны алады;
— сені дроппер қылуы мүмкін, ол дегеніңіз Сен арқылы басқа біреуге ақша аудартады. Ол кезде саған қызметің үшін 5-10 мыңын алып қал дейді. Алаяқтарды тексере келе сенің счетің шығып тұрса алаяқтармен ауыз жаласқан деп 7 жылға дейін сотталып кетуің мүмкін.
— сосын бейтаныс нөмірден телефон соққан адам өзін банк қызметкерімін, ұялы телефон операторымын, комуслуга бойынша деген желеумен звондаса, бірден үзіп тастаңдар.
Қорыта айтқанда, алаяқтар әбден интернеттің майын ішкен мықты мамандар, кез-келген әдіспен сені немесе жақындарыңды оңдыртпай қарызға тығып кетуі мүмкін, сондықтан өздеріңе де, досыңа да, жақындарыңа да осы мәселені айтып сақ болуға шақырамыз деді сала қызметкерлері.



