(KAZ) ПОЛЬША ҒАЛЫМДАРЫ КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры Жанар Қалмақова Польша Республикасының Познань қаласынан келген ғалымдарды қабылдап, колледж жұмысымен таныстырды. Қонақтар қатарында Адам Мицкевич атындағы университеттің профессорлары Пётр Климашик, Михал Рыбак және Медицина ғылымдары университетінің профессоры Пётр Рзумски болды.
Польшадан келген ғалымдар алдағы уақытта нақты жобалар негізінде белсенді жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. Олар Қазақстанның табиғи ресурстары мен экологиялық жүйелерін зерттеудің ғылыми маңыздылығын атап өтті. Колледж ұжымы халықаралық байланыстарын кеңейтіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.






