(KAZ) Қолданбалы бакалавр 59-топ студенттерімен арнайы пән оқытушысы Мусабаева Сәуле Бауыржанқызы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлік мамандық» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Көктамырдан қан алу техникасы. Егуден кейін болатын асқынулар».Ашық сабақ барысында студенттер көктамырдан қан алу алгоритмімен, асептика және антисептика талаптарымен, сондай-ақ инъекциядан кейін туындауы мүмкін асқынулар және олардың алдын алу жолдарымен жан-жақты танысты. Теориялық және практикалық бөлімнің ұштастырылуы студенттердің кәсіби дағдыларын тиімді меңгеруіне мүмкіндік берді. Сабақтың ерекшелігі — оқу үдерісінде заманауи цифрлық технологиялардың қолданылуы. Атап айтқанда, жасанды интеллект элементтері, сондай-ақ Wordwall және Nearpod интерактивті платформалары пайдаланылып, студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, болашақ мейіргерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.









