(KAZ) ЖАСТАР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» атты сенбілік ұйымдастырылды.
Бұл шараға «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығының 1-курс білім алушылары белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адал еңбектің маңызын түсіндіру, олардың қабілеттерін ашу, болашақ мамандығына сүйіспеншілікпен қарауға баулу.
Сонымен қатар студенттерді ұжымшылдыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу көзделді. Сенбілік барысында жастар оқу орнының ауласын тазалап, ағаштар мен гүлдерді суарып, тазалық пен тәртіпті сақтауда белсенділік танытты. Мұндай іс-шаралар студенттердің бойында еңбекқорлық, табиғатты аялау және қоғамға пайдалы болу сияқты құнды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Жас ұрпақтың адал еңбегі – жарқын болашақтың кепілі!











