(KAZ) Ұлттық теңге күніне арналған тәрбие сағаты
1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн ұлттық валюта – теңге күні. Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Ұлттық теңге күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға Емдеу ісі бөлімі, 1-курс, 63-топ білім алушылары қатысты.
Топ жетекшісі Рүстемова Гүлзия Зейнуллақызының ұйымдастыруымен өткен шарада студенттерге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, маңызы және қазіргі даму кезеңдері туралы кеңінен мәлімет берілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды құрметтеу, экономикалық тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру және елжандылыққа тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында студенттер теңгенің пайда болу кезеңдері мен оның ел тәуелсіздігі тарихындағы ерекше рөлі жайлы танымдық бейнематериалдар көріп, сұрақ-жауап форматында белсенділік танытты.









