(KAZ) ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Мектеп пен колледж педагогтарының кәсіби қызметін ұйымдастыру және реттеу бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда Қызылорда медициналық жоғары колледжінің әдіскері Сейілханова Айгерім Әкімтайқызы және колледж әдіскері Орынбасарова Әсем Орынбасарқызы педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Негізгі бағыттар:
– педагогтің құқықтары мен міндеттері;
– оқу-әдістемелік құжаттама;
– білімді бағалау талаптары;
– кәсіби этика мен жауапкершілік;
– әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру.
Интерактивті форматта өткен семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.














