(KAZ) АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Қындыбай Айгерім Ерболқызы «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен
“Тыныс алу патологиясы, асқорыту ағзалары аурулары және зат алмасу бұзылуы кезінде оңалту” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Қатысқан топ:
«Емдеу ісі» бөлімі, Е-105 топ, 1 топша студенттері
Сабақ барысында білім алушылар үй тапсырмасын постер қорғау арқылы екі топшаға бөлініп орындады.
«Кім жылдам?» ойыны арқылы әр студент берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап берді.
Оқытушы сабақты презентация арқылы түсіндіріп, тыныс алу, асқорыту және зат алмасу жүйесі бұзылған кездегі оңалту жаттығуларының түрлерін көрсетті.
Студенттер ұсынылған оңалту шараларын тәжірибе жүзінде орындап көрсетті.
«Қызық екен» ойыны арқылы тақырып бекітіліп, белсенді кері байланыс жүргізілді.
«Терминал» платформасы арқылы аноним түрде студенттердің пікірлері жиналды.
Қолданылған әдістер мен платформалар:
Flippity, Canva, «Қызық екен» әдісі.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығы мен белсенділігі арта түсті. ![]()
Оқытушы сабақты қорытындылап, үй тапсырмасын берді.









