(KAZ) Апталық қорытындысы – «Жаратылыстану ғылымына саяхат»
2026 жылдың 5–9 қаңтар аралығында Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Жалпы білім беру пәндері-1» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымына саяхат» апталығы өтті.
Апта бойы түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді, ал жабылу салтанатында қатысушыларға марапаттар табысталып, апта бойы түсірілген видеолар көрсетілді. Шара ән мен бимен әсем түрде аяқталды.
Белсенді қатысқан студенттер мен оқытушыларымызға алғысымыз шексіз!









