(KAZ) ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ РАЙСА САЙРАНҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұжымымен және студенттермен кездесуге
Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, кәсіпкер Раиса Сайранқызы келді.
Еліміздегі қоғамдық пікір мен мәдени дамуға белсенді қасатын аяулы жан Қызылордада өткен V-Ұлттық Құрылтай туралы пікірімен бөлісті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алға қойылған бірқатар маңызды жобалар мен қабылданған шешімдер туралы айтты.
Кездесуде Раиса Сайранқызы ұжым қызметкерлері мен жастарға кеңінен таныстырылды. Ол — Қазақстандағы әдебиет пен қазақ тіліндегі кітап мәдениетін дамыту бағытында жұмыс істейтін ықпалды кәсіпкер, баспагер және әлеуметтік кәсіпкер. 
Өзінің Steppe & World Publishing — әлемдік танымал әдебиеттерді қазақ тіліне аударып, басып шығаратын баспа үйі арқылы «Хәрри Поттер», Нарния шежіресі сияқты әлемдік бестселлерлердің аудармалары мен басқа да 150-ден астам кітап қазақ тіліне шығарылды. Оның жұмысы мектеп оқушылары, студенттер және жас буын арасында оқуға, тілді дамытуға мотивация беру бағытында. 
Раиса Қадыр қазақ, ағылшын, орыс, моңғол, неміс, араб және түрік тілдерін меңгерген. 
Кездесу соңында колледж оқытушылары мен студенттерінен әзірленген шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.










