(KAZ) Психологиялық саулық – табысты білім берудің кепілі
Колледж психологтары А.Б. Бохаева мен А.С. Опашева ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «Өзіңді таны» психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби күйзелістің алдын алу, өзара қолдау мен тиімді қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау.
Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі тануға, эмоцияларын басқаруға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындады. Топтық жұмыс, пікір алмасу және практикалық тапсырмалар арқылы оқытушылар бір-біріне деген сенімділік пен қолдаудың маңызын тереңірек сезінді.
Іс-шара жылы әрі еркін атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер мен жақсы көңіл күй сыйлады. Осындай тренингтер педагогтердің кәсіби дамуына және ұжымдағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосады.












