(KAZ) «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі акция ұйымдастырылды. «Кітап сыйлау» акциясының басты мақсаты – студенттерді кітап оқуға ынталандыру, білім мен мәдениетті насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітап қорын толықтыру арқылы жастарды ізденіске баулу.
Акция барысында оқырмандар бір-біріне және кітапханаға өздері сүйіп оқыған кітаптарын сыйға тартты. Бұл шара білімге деген құрмет пен оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Шараға «Мейіргер ісі – 43» тобы белсене қатысты. Студенттер қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев шығармаларының жинақтарын кітапхана қорына сыйға тартып, ақын өлеңдерін жатқа оқып, рухани кештің мазмұнын байыта түсті.
Акция жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.












