(KAZ) Студенттер – маңызды қоғамдық диалог алаңында
Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттері Отбасы орталығында өткен «Отбасы құндылықтары және Конституция» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Шараның мақсаты – отбасы институтының қоғамдағы стратегиялық маңызын кеңінен талқылау, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында бекітілген отбасы, ана, әке және баланы қорғау жөніндегі нормалар мен қағидаттарды түсіндіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ отбасы тәрбиесі арқылы азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
Келелі жиында қалалық мәслихат депутаты, заң ғылымдарының кандидаты Маржан Қылышбайқызы және саясаттанушы, тарих ғылымдарының магистрі, зерттеуші-педагог Эльмира Нұрпейісова сөз сөйлеп, конституциялық реформаларға қатысты кәсіби тұжырымдарын ортаға салды.
Студенттермен белсенді пікір алмасу өтіп, референдумның маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар алдағы республикалық референдумға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген саналы көзқарасының көрінісі екендігін атап өтті.















