(KAZ) ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕК ІСІ
Қасиетті Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін рухани құндылықтарын негізге ала отырып, «Емдеу ісі-1» бөлімі оқытушылары мен студенттері игі бастама көтерді.
Ұжым бірлесіп «Жақсылық қораптарын» ұйымдастырып, жастайынан ата-анасынан айырылған екі студентке табыстады. Қораптарға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен пайдалы заттар салынып, шынайы жанашырлықпен әзірленді.
Бұл шара – тек материалдық көмек қана емес, ең алдымен қамқорлық пен қолдаудың белгісі. Осындай ізгі амалдар арқылы жастарға мейірім, жанашырлық, бауырмалдық құндылықтары дәріптеледі.









