(KAZ) «Алаш рухы – оқылған кітапта»
Қазақ халқының ұлы тұлғасы, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханұлының туғанына 160 жыл толуына орай кітапханашы сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қоғамдық қызметін таныстыру, оның бай мұрасын насихаттау және отансүйгіштік рухты қалыптастыру.
Тарихта өшпес із қалдырған Әлихан Бөкейханұлы – ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы, қазақ елінің тәуелсіздігі мен жер тұтастығы үшін күрескен мемлекет қайраткері. 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланып, ел болашағы үшін аянбай еңбек етті. Сонымен қатар ол публицист, экономист, аудармашы және ғалым ретінде қазақ қоғамының дамуына зор үлес қосты.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған шараға «Қолданбалы бакалавр» – 59 топ студенттері қатысып, Алаш көсемінің өмір жолы мен еңбектері туралы мағлұмат алды.
Бүгінгі ұрпақ үшін Әлихан Бөкейханұлының 160 жылдық мерейтойы – өткен тарихқа тағзым етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды кезеңі.









