(KAZ) «Терапиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» – үздіктер анықталды
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші 4 курс студенттері арасында
«Терапиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» пәнінен сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – білім алушылардың теориялық және практикалық білімдерін шыңдап, үздік түлекті анықтау, сондай-ақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс 2 кезеңнен тұрды:
Теориялық білімді бағалау (тест тапсырмалары, ZipGrade платформасы)
«Анафилактикалық шок» кезінде алғашқы көмек көрсету (практикалық кезең)
Қатысушылардың білімі мен дағдылары заманауи әдістермен, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы арқылы бағаланды.
Нәтижесінде:
«Үздік түлек – 2026» – Лигай Ақнұр (85 топ)
І орын – Кәрібаева Жанерке (103 топ)
ІІ орын – Нарымбай Әділет (85 топ)
ІІ орын – Үмбетова Асель (102 топ)
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Осындай білім сайыстары болашақ мейіргерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен үлес қосады.














