(KAZ) «Біз таңдаған кітаптар»
Бүгін МІ-95 топ білім алушылары арасында «Адал азамат» бір тұтас тәрбие бағдарламасы аясында Халықаралық кітап күніне орай «Біз таңдаған кітаптар» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту.
Шара барысында қатысушылар өздері таңдаған көркем шығармаларды таныстырып, мазмұнына қысқаша шолу жасап, басты кейіпкерлерге талдау жүргізді. Сондай-ақ, кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, қызу пікір алмасты.
Белсенділік танытқан білім алушылар ерекше атап өтіліп, іс-шара жоғары деңгейде өтті.














