(KAZ) СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция білім мен тәжірибені тоғыстырған маңызды алаңға айналды.
Семинар-тренингтер арқылы жалғасқан іс-шарада студенттер көшбасшылық қабілеттерін дамытып, еріктілік қызметтің маңызын айқындап, ғылыми ізденістерін тәжірибемен ұштастырды.
Конференция аясында
– Көшбасшылық
– Еріктілер қозғалысы
– Болашақта сапалы медициналық көмектің негізі ретінде студенттік ғылым мен практикалық даярлық
– Қазақстанның цифрлық медицинасы: ақпараттық жүйелер мен AI-шешімдердің интеграциясы атты бағыттар бойынша жұмыс жүрді.
Әр бағытта модераторлар мен қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Бұл конференция – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, кәсіби қалыптасудың жаңа кезеңі. Мұнда әрбір қатысушы өз мүмкіндігін көрсетіп, медицина саласындағы болашаққа сенімді қадам жасады.
Бүгінгі ізденіс – ертеңгі сапалы медициналық көмектің кепілі.





















