(KAZ) «Неге осы мамандықты таңдадым?» сауалнамасының қорытындысы
Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «Неге осы мамандықты таңдадым?» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 1 және 4 курс білім алушылары арасында сауалнама жүргізілді.
Зерттеуге жалпы 211 студент қатысты.
Сауалнама нәтижесі бойынша білім алушылардың басым бөлігі мейіргер мамандығын:
адамдарға көмек көрсету;
медицина саласына қызығушылық;
қоғамға пайдалы болу мақсатында таңдағандарын атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушылардың 67,3%-ы болашақта осы мамандық бойынша еңбек етуді жоспарлайтындарын жеткізді.
Зерттеу нәтижелері қазіргі жастар арасында мейіргер мамандығына қызығушылықтың жоғары екенін және кәсіби құндылықтардың қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Колледж білім алушылары өз болашағын денсаулық сақтау саласымен байланыстырып, халық денсаулығын нығайтуға үлес қосуға дайын екендіктерін дәлелдеді.
Мейіргер ісі — бұл жай мамандық емес, бұл жүрек таңдауы!









