(KAZ) Студенттер арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Тақырыбы: «ЖИ-дің пациентке медициналық қызмет көрсетудегі артықшылықтары мен кемшіліктері»
Іс-шара барысында студенттер жасанды интеллект технологиясының медицина саласындағы мүмкіндіктерін, пациентке көрсетілетін көмектің сапасын арттырудағы рөлін және оны қолданудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Жасанды интеллект арқылы медициналық қызмет сапасын жақсарту, уақытты үнемдеу және шешім қабылдаудағы тиімді тұстар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, технологияны қолданудағы ықтимал тәуекелдер мен жауапкершілік мәселелері де назардан тыс қалмады.
Үйірме жетекшілері: Байтукаева Г.Р. және Мусабаева С.Б.
Заманауи технология – уақыт талабы, ал оны тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану – басты міндет.









