(KAZ) Хабарландыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-ның білім беру қызметін көрсету болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
- Қызмет көрсету барысында қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Талдау жұмыстары 2025 жылдың 12 айы – 2026 жылдың 3 айы қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №18 мекен жайда орналасқан «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-на келуге, kzmedicalcollege@mail.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар ақпараттарды қабылдау бөліміне 8 (7242) 230513 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.









