(KAZ) ВОЛОНТЕРЛІК – ЖАҚСЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!
17 қыркүйек күні Қызылорда қалалық «QOSYL» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Волонтерлік негіздер» тақырыбында бір күндік оқыту тренингі өтті.
Іс-шараға Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 5 белсенді студенті қатысып, волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен қағидалары, әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру, командалық жұмыс, көшбасшылық және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру бойынша пайдалы ақпараттар мен тәжірибелер алды.
Тренинг барысында жаңа білім алып қана қоймай, өзге де белсенді жастармен тәжірибе алмасып, волонтерлік бағыттағы жаңа мүмкіндіктермен таныстық.
Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Біз үшін бұл — жаңа тәжірибе, жаңа орта және қоғамға пайдалы істерге бастайтын тағы бір қадам!
Қайырымдылық пен еріктілік — қоғамды өзгертетін күш.














