(KAZ) «МЕНІҢ ҚАЛАМНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БОЛАШАҒЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІМ»
Бүгін, 1 қазан күні, Қызылорда медициналық жоғары колледжінде айтулы шара өтті! Қызылорда облысының білім басқармасы «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы» КММ-нің хатына сәйкес, студенттер арасында «Менің қаламның экологиялық болашағына қосқан үлесім» атты жас экологтар байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты:
• Білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру
• Қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру
• Туған қаламыздың экологиясын жақсартуға бағытталған тың идеяларды қолдау
Жалпы саны 4 бағыт бойынша тартысты өткен сайыста студенттер өздерінің бірегей жобалары мен экологиялық бастамаларын қорғады.
Қазылар алқасының шешімімен ерекше белсенділік танытқан «Арал» тобы БАС ЖҮЛДЕНІ қанжығасына байлады!
Шара соңында үздік идеяларымен көзге түскен басқа да белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Жас экологтарымызды үлкен жеңістерімен құттықтаймыз! Қаламыздың жасыл әрі таза болашағы – жастардың қолында!









