(KAZ) СТУДЕНТІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА БАҚ СЫНАДЫ!
Қызылорда медициналық жоғары колледжі мақтаныштарын ұлықтауды жалғастырады! Оқу орнымыздың белсенді де білімді студенті Жасақбай Гүлзайда Маратқызы ағымдағы жылдың 1–2 қазан күндері Атырау жоғары медициналық колледжінде өткен MedSkills Kazakhstan кәсіби шеберліктің республикалық чемпионатына қатысты.
Гүлзайда додада «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша бақ сынап, болашақ ақ халатты абзал жан ретінде өзінің теориялық білімі мен практикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Республикалық деңгейдегі бұл байқау — студентіміз үшін кәсіби дағдыларын шыңдап, тәжірибе алмасуға және білікті мейіргер ретінде қалыптасуына жол ашқан үлкен әрі маңызды қадам болды.
Колледж ұжымы мен студенттері атынан Гүлзайданы үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы оқуында, шығармашылық ізденістерінде және болашақ кәсіби жолында толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
Біз сенімен мақтанамыз, Гүлзайда!












