(KAZ) ЖАСА, ҚАЗАҚСТАН! РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЕРЕКШЕ ФЛЭШМОБ!
Ұлық мереке – Республика күніне орай Қызылорда медициналық жоғары колледжінде ерекше патриоттық рухтағы мерекелік шара өтті.
Колледжіміздің белсенді Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен бұл игі бастамаға білім ордамыздың табалдырығын жаңадан аттаған белсенді де дарынды жастар қатысты. Атап айтсақ, 1-курс «Емдеу ісі» бөлімінің 72-топ, сондай-ақ «Мейіргер ісі» бөлімінің 76 және 77-топ студенттері бірлігі жарасқан үлкен ұжым ретінде өз өнерлерін ортаға салды.
Болашақ ақ халатты абзал жандар жүректерге от беретін рухты «Жаса, Қазақстан!» әніне әсерлі де тартымды флэшмоб көрсетті. Студенттер өздерінің отансүйгіштік қасиеттерін, елге деген мақтаныш сезімдерін әдемі қимылдармен және жарқын күлкілерімен жеткізе білді.
Еліміздің тірегі, жарқын болашағымыздың кепілі – осындай білімді, өнерлі де белсенді жастар!
Республика күні құтты болсын! Көк туымыз тұғырынан түспей, Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!









