(KAZ) «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: СТУДЕНТТЕР ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ИНТЕРНЕТ ҚАУІПСІЗДІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Стоматология» мамандығы, 2-курс С-33 тобының студенттері «Анаға тағзым» орталығында бас қосты. Мұнда сала мамандарының қатысуымен әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, цифрлық сауаттылық және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік туралы маңызды ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Пікір алмасу және талқылау алаңына «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясының педагог-психолог маманы Жұбатырова Сәуле арнайы қатысты. Білікті маман студенттермен бірге түрлі тренингтер мен танымдық ойындар өткізіп, жастардың белсенділігін арттырды.
Кездесу барысында мынадай өзекті мәселелер ортаға салынды:
• Әлеуметтік желіні уақытты тиімді үнемдей отырып пайдалану;
• Ғаламтордағы ақпараттарды саралау және фейк мәліметтерден қорғану;
• Интернеттегі жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
Шараның басты мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік желіні тек пайдалы бағытта, қауіпсіз әрі саналы түрде қолдануға бағыт-бағдар беру.
Заманауи әлемде цифрлық мәдениетті қалыптастыру — әрбір жастың қауіпсіздігі мен жарқын болашағының кепілі!











