(KAZ) ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЖЫМЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІ ТАМАШАЛАДЫ
Бүгін, 28 қазан күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында айтулы шара өтті. Колледж әкімшілігі, білікті оқытушылар құрамы мен қызметкерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»-атты Қазақтан халқына Жолдауын тікелей эфирде көріп, тыңдады.
Ел дамуының жаңа кезеңіне жол сілтейтін стратегиялық құжатты ұжым болып бірге талқылау — колледж өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Мемлекет басшысының әрбір бастамасы мен алға қойған міндеттері залдағы әрбір қатысушының ерекше ықыласпен қабылдады.
Арнайы ұйымдастырылған жиын соңында колледж басшылығы мен оқытушылар қауымы Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті және Президент Жолдауындағы білім беру және денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды бағыттарға ерекше тоқталды:
• Мамандар тапшылығын жою: Өңірлердегі, әсіресе ауылдық жерлердегі дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау тапсырылды.
• Техникалық және кәсіптік білім: Экономиканың нақты секторлары үшін сұранысқа ие жұмысшы және техникалық мамандықтарды даярлау сапасын түбегейлі жақсарту.
• Жасанды интеллект және цифрландыру: Оқу процесіне заманауи технологияларды енгізу, оқушылар мен студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру.
• Мұғалімдердің мәртебесі: Педагогтардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру.
Медициналық колледж ұстаздары ел болашағы мен ұлт саулығы тікелей білім мен денсаулық саласының дамуына байланысты екенін алға тартты. Жиынға қатысушылар Президент айқындап берген басым бағыттарды ерекше ықыласпен қабылдап, оларды өңірде оңтайлы әрі нәтижелі жүзеге асыру міндеттерін толықтай қолдайтындықтарын бірауыздан жеткізді.
Қызылорда медициналық жоғары колледжі мемлекеттік маңызы бар міндеттерді орындауға және бәсекеге қабілетті, білікті медицина мамандарын тәрбиелеуге өз үлесін қоса бермек!













