(KAZ) Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Қолданбалы бакалавр» мамандығының 2-курс студенттері арасында «Гериатрия әлемі» атты кәсіби сайыс өтті!
Сайысқа ҚБ-36, ҚБ-59, ҚБ-88, ҚБ-89 және ҚБ-58 топтарынан құралған 5 команда қатысып, өздерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Іс-шара барысында студенттер:
• Командаларын таныстырып, жасанды интеллект (AI) көмегімен дайындалған креативті бейнероликтерін ұсынды;
• Клиникалық жағдаяттарды шешіп, гериатриялық күтім бойынша білімдерін ортаға салды.
Жарыстың басты мақсаты – болашақ мейіргерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, клиникалық ойлау қабілетін дамыту және егде жастағы жандарға мейірімділікпен күтім көрсетудің маңыздылығын ұғындыру. Студенттеріміз бұл міндетті үлкен жауапкершілікпен алып шықты!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ізденістері үшін шынайы алғыс білдіреміз! Болашақ медицина мамандарына сәттілік пен кәсіби биіктерден көрінуді тілейміз!
Назарларыңызға «Гериатрия әлемі» атты кәсіби сайыс бойынша студенттердің жасанды интеллект /АI/ көмегімен дайындаған креативті бейнероликтер топтамасын ұсынамыз.









