(KAZ) ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНҒАН КҮН!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 11-12 қараша күндері дәстүрлі «TALANT FEST: Жастар үні — өнер тынысы» атты шығармашылық өнер фестивалі өтті!
Бұл байқау — 1-курс студенттерінің бойындағы өнерін ашып, сахна мәдениетін қалыптастыруға және топтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған ерекше алаң.
Фестиваль бағыттары:
• Ән өнері (жанды дауыста жеке немесе топпен орындау);
• Би өнері (қазақша және заманауи билер);
• Көркемсөз оқу (өлең, монолог, шығармадан үзінді);
• Аспаптық өнер (музыкалық аспаптарда ойнау).
Қатысушылардың өнері орындаушылық шеберлігі, жаңашылдығы және сахна мәдениеті бойынша бағаланды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және «Үздік орындау», «Үздік би», «Көрермен көзайымы» секілді номинациялармен марапатталды.









