ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Болашақ” Университеті жоғары колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық дебат турнирінде 13 фракцияның ішінен колледжіміздің 1-курс студенттері суырылып шығып, ой ұшқырлығымен көзге түсті.
“Күн мен Ай” фракциясы 2-орынды, “Eleven” фракциясы 3-орынды иеленіп колледж мерейін көтерді.
Айта кетейік, талантты студенттерімізді дайындап, жетекшілік жасаған колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Меруерт Тұрарбек Жаңабекқызы.
