ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Жатақхана тұрғындарымен колледждің педагог – психологтары А.Ж.Жәрімбетова, Ж.Е.Әшімова және әлеуметтік педагог А.Отарбаева «Сен маған керексің!» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.
Тренинг мақсаты:
❖ Жатақхана тұрғындарының көңіл – күйін игеруге, басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу;
❖ Тұрғындардың көңіл – күйін жақсарту, қарым – қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу;
❖ Бір – бірін сыйлау, құрметтеу дағдыларын қалыптастыру, ұйымшылдық, ауызбіршілік қасиеттерін дамыту;
❖ Ортада жақсы, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
Жатақхана тұрғындарымен әр түрлі жаттығулар мен ойындар өткізді. Тренингке қатысқан әрбір білім алушы өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Тренинг барысында білім алушылар өз ойын ашық айтып, күнделікті өмірде дұрыс қарым – қатынас орнатудың маңыздылығын сезінді. Тренинг нәтижесінде қатысушылардың көңіл – күйлері көтеріліп, сергіп жеңілдену сезімдері байқалды.