ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТТІ
Фармация-45 тобының студенттері Шымкент қаласындағы «SANTO» фармацевтикалық зауытында өндірістік практикадан өтті.
Студенттер дәрілік заттарды өндірудің барлық кезеңдерімен танысып, заманауи технологиялық желілер мен GMP талаптарын үйренді. Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік ережелері, еңбек тәртібі және сапаны бақылау жүйесінің маңыздылығы туралы құнды мәліметтер алды.
Практика студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырды. ![]()
![]()
Жетекшісі: Жетпіс Мақсат Ғабибуллаұлы









